Алматыда Чемпиондар лигасының әнұраны алғаш рет орындалады

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2025

Санаулы сәттен кейін Алатау бөктерінде Чемпиондар лигасының әнұраны алғаш рет орындалады. Алматының "Қайраты" плей-офф кезеңінде тарихында тұңғыш рет өнер көрсетуде. Апта бұрын Шотландияда "Селтикпен" тең ойнаған. Бүгінгі қарымда ойыннан барша қазақстандықтар "Қайраттан" тек жеңіс күтіп отыр. Кездесуді тағатсыздана күтіп жүрген жанкүйерлер стадионға ағылып жатыр. Қазір әріптесім Жомарт Түзелбай тікелей эфирде ақпарат беруге әзір тұр. Жомарт, Алматыда нағыз футбол мерекесі болып жатыр. Атмосфера қалай?

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Әділет, қайырлы кеш! Иа, Алматыда нағыз футбол мерекесі болғалы тұр. Қарымта ойынның басталуына әлі екі сағаттан астам уақыт бар. Соған қарамастан жанкүйерлер саны сәт сайын көбеюде. Барлығы Қайратқа қолдау білдіруде. Команданың жеңіске жететініне сенеді.

"Қайрат" іріктеу  кезеңін сәтті бастады. "Плей-офф" сатысына дейін азулы деген қарсыластарының өзінен қаймықпады. "Селтикпен" сырт алаңда тең ойнады. Александр Заруцкийдің жарақатына байланысты қақпаны күзете алмайды. Анарбеков алынбас қамалға айналады деп сенім отырмыз. Басты жұлдыз Дастан Сатбай ескертулеріне байланысты командаға көмектесе алмайды.