Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды", - делінген хабарламада.
Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барған.
Айта кетейік, Иордания королі кеше Астанаға ресми сапармен келді. II Абдалла бен әл-Хусейнді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан қарсы алды.