Саябақта тұрған автокөліктен ер адамның мәйіті табылды. Машина Алматының Түрксіб ауданындағы паркте қамыстардың арасында тұрақтаған. Полиция департаменті марқұмның денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. «Кісі қолынан қаза болғанға ұқсамайды» - дейді. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр.