Педагог мәртебесі: заң бұзушылық үш есе азайды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2025

Қазақстанда "Педагог мәртебесі" туралы заңнаманы бұзған жағдайлар үш есе азайды. Дей тұрғанымен, кей өңірлерде мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне қатысты емес жұмыстарға тарту, қандай да бір тауар сатып алуға мәжбүрлеу, абыройына нұқсан келтіру жағдайлары әлі бар. Әсіресе, мектептің ішкі құрылыс жұмыстарына жүктеу, концерттерге билет сатып алып, газет-журналдарға жазылуға мәжбүрлеу жиі кездеседі. Заң бұзушылық көбінесе Қостанай, Алматы, Абай, Жамбыл және Павлодар облыстарында байқалады. Жауапты министр "Педагог мәртебесін" қатаң бақылауға аламыз дейді. Сондай-ақ, абыройы мен ар-намысына нұқсан келтіргендерге жаза күшейтілді.

ШЫНАР АҚПАРОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әр өңірлерде сапаны бақылау департаменті бар. Сол департаментке міндетті түрде хабарласа алады, барлық әлеуметтік желілерде, сайттарда осы департаменттердің байланыс телефондары бар. Ол үшін қорқудың қажеті жоқ, ашық түрде соларға хабарласа алады.