Шымкентте «Балаларды мектепке дайындайық» республикалық акциясы аясында 200 балаға сыйлық таратылды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2025

«Балаларды мектепке дайындайық» республикалық акциясы Шымкентте де жалғасып жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында  көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуді «AMANAT» партиясы дәстүрге  айналдырған. Акция аясында бүгін 200 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары табысталды.  Балаларға берілген сыйлықтар  жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып дайындалған. Сондай-ақ, іс-шара барысында комикс кейіпкерлері өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ГҮЛБАҚЫТ МӘДЕНОВА, ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР МЕН АНАЛАР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз 35 баланың тізімін бердік. Барлық 35 баланы қамтыды. Рақмет! Мен бұл бір ғана акциядан көмек алып отырған жоқпын, қай кезде болмасын көмекке келуге, көмек қолын созуға әрқашан дайын. 

МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көш бастап келе жатқан партия болғандықтан халықтың арасында осындай мұқтаж жандарға партияның атынан, жеке кәсіпкерлердің атынан осындай іс-шара ұйымдастырылып, беріп жатқан жайымыз бар.  Алдағы уақытта тағы 2 мыңға жеткізсек пе деген ниетіміз бар.