Жамбылда «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық форум өтті

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2025

Жамбылда «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық форум өтті. АМАNАТ партиясы ұйымдастырған ауқымды шараға өңірдегі ірі кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарында еңбек ететін  300-ден аса жұмысшы жас қатысты. Форумда  мемлекеттік бағдарламалар мен жас мамандарға көрсетілетін қолдау туралы кеңінен айтылды. Елімізде жыл сайын 200-ге жуық  өндірістік жоба жүзеге асырылады. Жиында жұмысшы мамандардың әлеуметтік мәселелерінің өзектілері мен оны шешу жолдары талқыланды. "Жастар Рухы" жастар қанаты сала мамандарын қолдау үшін жыл сайын «Рухтастар" сыйлығымен марапаттайды. Оған қоса биыл 5 мыңнан аса мектеп бітірушіге кәсіптік бағдар беру үшін ірі зауыттарға экскурсия ұйымдастырған. Алғаш рет Таразда ұйымдастырылған жұмысшы жастардың форумы, енді өзге өңірлерде де жалғасады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттырып, жас буынның да қызығушылығын арттырмақ.

МҰҚАШ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жамбыл облысында биылдың өзінде 20 жоба іске асып жатыр. Жуық 3-4 жылда тағы 62 дейді. Бұның барлығы мыңдаған 10 мыңдаған жұмыс орындары. Осы мамандықтарды игеріп осыған көптеп барып оның арасында жаңағы дараланып шығып осы кәсіпорындарды өзіміздің балаларымыз өзіміздің қыздарымыз басқару керек, жұмыс істеу керек деп ойлаймын.

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Баспана мәселесі және де басқа да әлеуметтік жағдайларын жасау. Жұмысшы жастарды дәл сондай ұсыныс пікірлерін білдіріп жатыр. Енді біздің басты мақсатымыз- осындай үлгілі жұмысшы жастарды көрсетіп, көптеген жастарды осы салаға тарту.