Елімізде соңғы бес айда 1400-ден астам есірткі қылмысы тіркелген. 4 тоннадан астам тыйым салынған заттар тәркіленген. Ал 17 мыңнан астам адам наркологиялық есепте тұрады. Бұл-ресми есепке алынғаны ғана. Қарағанды облысы Балқаш қаласында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты қалалық полиция бөлімімен бірлесіп «Есірткіге жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында түсіндіру жұмысы жүргізіліп, тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылды. Бұл ретте, оқушылар мен студенттерге ерекше назар аударылды. Себебі олар – қауіп-қатерге бейім ең осал топ саналады.
ГҮЛНҰР САДЫҚБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:
«Есірткіге жол жоқ!». Бұл жәй ғана жолдау емес, бұл жәй ғана ұран емес, бұл өмірді таңдау. Біз болашақ жастарымыздың дені сау білімді саналы болғанын қалаймыз. Ал есірткі болдашғымызды ұрлайды. Салауатты өмір салтын ұстануды қолданамыз жәнеде біздің таңдаумыз өмір,ғ біздің таңдауымыз болашақ. Есірткіге жол жоқ!