Соңғы 7 айда экономиканың өсуі 6,3%-ға артып, рекордтық көрсеткішке жетті. Меже өткен жылы да жақсы болған еді. Себебі Президент өткен жылғы жолдауында экономикаға баса мән берді. Бұдан бөлек, инвестициялық тартымдылықты арттыруда басты міндеттердің бірі. Бұл бағытта Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Құжаттың мақсаты – негізгі капиталға инвестиция деңгейін жалпы ішкі өнімнің 23 %-ына дейін, сыртқы салымдар үлесін 30%-ға дейін арттыру және 150 млрд доллар мөлшерінде тікелей шетелдік инвестиция тарту көзделген. Басты мақсат адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, елдімекендердің дамуын жақсарту.
БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Халықтың өмір сүру сапасын арттыруда өңірлерді дамыту маңызды рөл атқарады. Осы ретте үкімет 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті. Мұндағы басты мақсат аглломерацияларды, моно қалаларды, трек ауылдар және алатау орнықты әрі теңгерімді дамыту.