Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық форум өтті

Қазақстандағы демократиялық процесстер, адам құқығын қорғау бойынша жұмыстар мен реформалар тоқтап қалмайды. Қолданыстағы заң аясында да, халықаралық тәжірибені де ескере отырып, адам бостандығы қамтамасыз етілмек. Елордада 6 мемлекеттің Конституциялық Сот өкілдері Ата заңымыздың 30 жылдығына арналған шараға қатысты. Армения, Өзбекстан, Тайвань және ресейлік мамандар реформалар туралы пікір алмасты. Шетелден келген қонақтар Қазақстаннан үйренері көп екенін айтуда. Өз кезегінде, еліміз де барлық озық әрі демократиялық тәжірибелерді қолдану керектігін алға тартты.

ДУЛАТ ҚҰСДӘУЛЕТОВ, ҚР ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Конституция – бір жылдық емес. Оның ресурстары ондаған жылдар бойы пайдалануға арналған. ОСыған байланысты бұл бағытты ары қарай дамытуға болады.