Орталық Азияның тау-кен металлургиялық саласын дамыту мақсатында зертхана ашылды

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2025

Орталық Азияның тау-кен металлургиялық саласын дамыту мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде зертхана ашылды. Бұл жоба минералды шикізатты өңдеу және гидрометаллургия салаларында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған. Бұл студенттер мен зерттеушілерге практикалық және инновациялық жобаларға қатысуға мүмкіндік бермек. Зертханада химиялық реагенттерді сынауға арналған құрал-жабдықтар түгел орнатылған әрі халықаралық стандартқа сәйкес жасалған.

РОСТИСЛАВ КАМКИН, «BASF ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Алдағы уақытта минералды қалдықтарды шетелдік тұтынушыларға жөнелтумен мәселе болмайды. Енді біз серіктестерімізбен тығыз байланыста болып, Қазақстанда осы лабораторияда түрлі тестілеуді өткізе аламыз. Одан бөлек, зертханада студенттерге сабақ өткізу жоспарда бар. Олар осы алаңда сапалы тәжірибе жинақтай алады.