Спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Отандасымыз «жылдамдық» санатында үздік атанды, деп жазады Astana TV.

Финалда Хайбуллин жапониялық спортшы Цукики Онишиден басым түсті. Үшінші орынға Ре Омаса (Жапония) ие болды.

Әйелдер арасында Анна Баларшина мәреге бірінші болып жетті. Ол финалда отандасы Тамара Ұлжабаеваны қапы қалдырды. Үздік үштікті қазақстандық Аделия Өтешева түйіндеді.