Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында айтты.
«Жақында Алматы қаласында автокөлік өндіретін мультибрендті зауыт іске қосылады. Зауыт жылына 120 мың көлік шығарады. Соның ішінде GWM (Great Wall Motor), Chery және Changan көліктері бар. Сонымен қатар Алматыда электробус шығаратын BYD компаниясының зауыты іске қосылмақ. Бұл жобалар Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға жол ашады. Сондай-ақ еліміздің экспорттық қуатын арттыруға мол мүмкіндік береді», – деді Президент жиында.