Несие алу қиындай түсті

2025 жылдың I жартысында халыққа жаңа несие беру өсімі екі есеге жуық төмендеген, деп хабарлайды  Astana TV.

Қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, негізгі себептердің бірі – халықтың нақты табысының 2,6% азаюы. 

Банктердің бөлшек портфелі жарты жылда 9,1% өсті (бір жыл бұрын – 9,9%). Клиенттер саны 55 мыңға ғана артты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе төмен.

Сұраныс динамикасы:

  • кепілсіз қарыздар –16% (36,4 млн өтінім),
  • ипотека +14% (480 мың),
  • қарыздар кепілмен +23% (100 мың),
  • автонесие +54% (2,9 млн).

Қауымдастық сарапшыларының болжамынша, үшінші тоқсанда ипотека мен кепілсіз қарыздарға қызығушылық азаяды. Ал автонесиелер мен кепілмен берілетін қарыздар қалыпты өсуді жалғастырады.