«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер қашан сатылымға шығады?

Алматыда өтетін  «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчқа билеттердің бағасы әзірге бекітілмеген, деп хабарлайды Astana TV.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. 

«Билеттердің құны мен сатылым орындары УЕФА-мен келісілгеннен кейін ресми түрде хабарланады. Халықты алаяқтарға алданып қалмауға шақырамыз. Барлық ақпарат министрлік пен клубтың ресми арналарында жарияланады», – деді министр.