Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2025

Таразда мектеп оқушысын өлтіріп кетті. Баланың  кеуде тұсына пышақ кірген. Жеткіншек жедел жәрдем келемін дегенше көз жұмған. Білім басқармасы қайғылы жағдай оқудан тыс уақытта болғанын хабарлады. Күдікті - 9 сыныпты бітірген жасөспірім.  Ал марқұм болған оқушы тоғызыншы сыныпқа енді көшіпті. Екі баланың арасындағы жанжалдың неден туындағаны белгісіз. Күдікті   қамауға алынды.  Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

ГҮЛСАРА МҰҚТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторы қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.