Президент Қытайдағы әскери парадты тамашалады

Президент Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы күресте жеткен Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады. Одан кейін Қытай басшысы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты. Осымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аяқталды.