Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлігімен бара алады

Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлігімен бара алады. Екі ел көші-қон саласындағы ынтымақтастық жөнінде келісімге келді. Құжат бүгін Мәжілісте ратификацияланды. Келісім аясында шетелге шығуға арналған құжаттар тізімі кеңейеді. Енді оған Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік және Армения азаматтары үшін сәйкестендіру кіреді. Осылайша, қазақстандықтар Арменияда ішкі құжатпен жүре алады. Бұрын мұндай ережелер тек Ресей мен Қырғызстанға бару үшін жарамды болатын. Сондай-ақ Қазақстан мен Армения азаматтарына бір-бірінің аумағында визасыз жүруге рұқсат беріледі. Тек мемлекеттік шекарадан өткеннен бастап 90 күн аспауы керек.

ЕРЖАН СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Кіргеннен бастап қай жерде жүр, трудовой мигрант болсын, жай студент болсын, осының бәрін көріп отырамыз. Бұл жұмысты күшейтеміз. Басқа органдар да осымен шұғылданады. Осының бәрін біріктіріп, бірге жұмыс істеуіміз керек.