Бүгін - тазы мен төбет күні

Бүгін - тазы мен төбет күні. Өткен жылы дәл осы күні Халықаралық кинология федерациясы тазыны ресми түрде Қазақстанның ұлттық тұқымы ретінде тіркеген еді. Жақында ғана Финляндияда өткен дүниежүзілік көрмеде құмай тазы дүние жүзінің әр қиырынан әкелінген 25 мың иттің арасынан оза шауып, үздіктер қатарынан көрінді. Әлемдік бәйгеде 8 тазы 7 басты марапатқа ие болды. Осылайша халқымыздың жеті қазынасының бірі саналатын текті тазы тағы да әлемге өз беделін паш етті.