Жамбылдық жастар туған өлкесін таза ұстауға тырысады

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2025

Жамбылдық жастар туған өлкесін таза ұстауға тырысады. «Таза Қазақстан – Таза Тараз» атты экологиялық акциясы аясында   әр маусымда әртүрлі шаруаларды атқарып келеді.  Жүзге жуық белсенді  Саңырақ батыр көшесін бойына жиналып, жаяу жүргінші жолын сыпырып, тұрмыстық қалдықтарды жинады.   Бұған дейін де жастар «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сынды жобаларды іске асырып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты дәріптеп келеді.

АЙБЕК КӘДІРАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз жазғы маусымда абаттандыру яғни сырлау жұмыстарын бастағанбыз. Дәл қазір енді көшелердің бойларын күзгі бағыттағы маусымдық жұмыстармен тазылық жұмыстарын жалғастырып жатқан жайымыз бар.