Астана-1 вокзалында ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Astana TV.
Жоба 1990 және 1961 жылдары салынған екі ғимаратты қамтиды
Жөндеу жұмыстары:
- Инженерлік жүйелер, шатыр, қасбет, платформалар жаңартылады
- Эскалаторлар, санитарлық тораптар, жарықтандыру ауыстырылады
- Мүгедектігі бар жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады
- Ақпараттық табло, ана мен бала бөлмелері, заманауи жиһаз орнатылады
Күн сайын вокзал 26 жұп пойызға және 10 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Жөндеу жұмыстары ҚТЖ қаражаты есебінен жүргізілуде.