Алматыда электрсамокат мінген екі қызды автобус қағып кетті

Алматыда электрсамокат мінген екі қызды автобус қағып кетті. Полиция департаментінің мәліметінше, "Foton" маркалы  автобус шығыс бағытта қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағында самокаттағы жасөспірімдерді қағып өткен. Зардап шеккендердің екеуі де 2008 жылы туған. Олар  ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда болған оқиғаның толық мән жайын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтауда. Қандай тарап салдарынан жол жүру ережелері өрескел бұзу дерегі орын алғанын  міндетті түрде тергеу анықтайтын болады.