Оралда көшені уақытылы жөндемеген мердігерге айыппұл салынды

Оралда көшені уақытылы жөндемеген мердігер мен ауыл әкіміне айыппұл салынды. Қала іргесіндегі Желаев аулының тұрғындары өз ісіне салғырттық танытқан жауаптыларды осылай жазалады. Даулы көшені жөндеу жоспар бойынша 2 шілдеде аяқталуы тиіс еді. Бірақ ауыл әкімі межелі мерзімнен екі аптаға кешіккен мердігерді сотқа беруге асықпаған. Егер арыз жазса, бұл компания жосықсыз мердігер ретінде қара тізімге еніп, тендерге екі жылға қатыса алмайды. Бұл аздай мердігер қателесіппіз деп басқа көшені жөндеуге кіріскен. Бұған наразылығын білдірген наразы тұрғындар шағым түсіріп, салғырт әкімге 59 мың теңге, ал мердігерге 1 миллион теңге айыппұл салынды. Ауылішілік жолдарды жөндеуге 73 миллион теңге бөлінген.

БАУЫРЖАН ЗӘКИ, ЗАҢГЕР:

Соңғы жылдары ауылдың, қаланың, шағынауданның тұрғындары бұрынғыдай тек әкімдік өзі келіп, жолды салып береді, балалар алаңы құрылысын жасайды деп жәй құр сеніп отырудан қалып бара жатыр. Бұл өте керемет, жақсы тенденция. Өйткені азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға барын салуға тырысып жүр.