Есірткі саудасының жолын кесу үшін жасанды интеллект пайдаланып жатыр

Ішкі істер министрлігі есірткі саудасының жолын кесу үшін жасанды интеллект пайдаланып жатыр. 
Бұл - интернет, әлеуметтік желі арқылы жасалатын сауда нарығына мониторинг жасауға мүмкіндік береді екен.

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов “Қарасора-2025” жедел алдын алу шарасы туралы баяндамасында осындай дерек айтты