Алматы әуежайында жүгінде бомба бар деп әзілдеген шетелдік жолаушы жазаланды

Оқиға  Алматы халықаралық әуежайында болған. Өзбекстанның 18 жастағы азаматы тіркеу бағанында қалжыңдап жүгінде «атом бомбасы» бар екенін айтқан.
 

«Шетел азаматы ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады Полиция департаменті.


Айта кетейік, жыл басынан бері 900 адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жолаушылар пойызы мен әуе рейсінен түсірілген.