Елімізде 2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Құжат мұнай өңдеу зауыттарының қуатын қазіргі 18 млн тоннадан 29 млн тоннаға дейін кеңейтуді көздейді. Бұл отын қауіпсіздігін күшейтіп, ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етеді. Сала мамандары қазірдің өзінде салада ауқымды шаралар қолға алынған дейді.
МАНАТ БИБОСЫНОВ, МҰНАЙ-ГАЗ-ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР ӨНДІРУШІЛЕРІ МЕН ТҰТЫНУШЫЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Өндірушілер бұрын шетелден Иран, Қытай, Ресей сияқты Түркия сияқты жерден әкеліп жатса қазіргі күні өзіміздің Атыраудан алып жатыр. Кипиайдың өздерінің осы отандық өндірушілерді қолдауға арналған жобалары бар. Форсаж аталатын. Сол форсаж арқылы Алматы қаласында, Астана қаласында бірнеше үлкен қойма жасап, сол жердегі өндірушілерді бірден сатып алып, жұмыс жасауына ыңғайластырып жатыр.