Астанада өтіп жатқан Astana Finance Days инфрақұрылымға инвестиция, жасыл қаржы мен жаңа бастамаларды талқылаған басты алаңға айналды. Мұнда тек Қазақстан емес, бүкіл аймақ үшін маңызды шешімдер қабылданды. Негізгі пленарлық сессияда дамушы елдердегі инфрақұрылымға инвестиция тарту мәселесі көтерілді. Қазақстан энергетика, көлік және цифрлық инфрақұрылымға ұзақ мерзімді капитал құюдың жаңа үлгісін ұсынып отыр.
ХАНИ КАБЛАВИ, BNY АҒА АТҚАРУШЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша қарасақ айтарлықтай өсім бар. Бұл жерде ең тиімдісі портфельді инвестиция. Біз өз тарапымыздан инвесторларға осындай кеңес береміз.