Елімізде есірткімен байланысты қылмыс саны 2,8% өскен

Елімізде "Қарасора 2025" операциясы аясында 2 тонна марихуана, 47 келі гашиш тәркіленді.   Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді. Ол үш айда есірткі саудасымен байланысты 677 қырмыс тіркелгенін айтты. Жыл басынан бері есірткі қылмысы 2,8 пайызға өскен.

ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 1 082 адам ұсталып, 283-і уақытша ұстау изоляторына қамалды. 9 есірткі зертханасы жойылып, 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.