Мопед мінген әйел жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты

Қайғылы жол апаты Алматы қаласының Жетісу ауданында Қапшағай трассасының қалаға кіреберісінде болған. Полиция ақпаратынша, Howo маркалы бетон араластырғыш көлік пен мопед соқтығысқан. Салдарынан мопед тізгініндегі 54 жастағы әйел  қаза тапты.

Жүк көлігінің жүргізушісі мопедке соққаннан кейін шамамен бір шақырым жүріп барып тоқтаған. Соққының күшті болғаны соншалық, марқұмның қорғағыш шлемі бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. 

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты тергеу басталды.