Елімізде балалардың 20 пайызы буллингке ұшырайды

Балалардың 20 проценті буллингке ұшырайды. Олар өз қатарластары мен үлкендерден зәбір көрген. Соның кесірінен  жеткіншектердің өзіне-өзі қол жұмсау дерегі жиілеген. Қазақстанда 4 млн-ға жуық оқушы бар. Соның шамамен 800 мың жиі болмаса да, ара- тұра айналасындағылардан қысым көреді. Осының алдын алу мақсатында мектептерде жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Енді балаларды қорғау  мектепте ғана емес, үйде де қамтылуы керек. Ата-ана мұғаліммен бірлесе, баланың  жағдайын үнемі бақылап отыруы тиіс. Өйткені, ата-аналар көп жағдайда, баласының тәрбиесін мектепке міндеттеп қоюды әдетте айналдырған.  Осындай селқостықтың соңы қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Сондықтан биылдан бастап мектептерде «Дос болайық» атты арнайы бағдарлама жүзеге асырылуда.

ЖАНАР ОРТАБАЕВА, МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ:

Мұнда толықтай буллингке қарсы команда құрылады.  Оның өзінің бағдарламасы, бұйрығы команда құрамы осының барлығы реттелінген. Осы бойынша биыл толықтай жұмыс жүргізіледі. Енді бұл жұмыс толық, жан-жақты мектеп тарапынан да, ата-аналар тарапынан да толыққанды жұмыс істелінген уақытта буллингтің санын азайтуға болады деген сенім үміт бар.