Оралда Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған байқау өткізілді

Оралда Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған әдеби байқаудың жеңімпаздары анықталды. Жас ақындар мен жазушылар бағын сынаған бәйгені «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды. Байқау "Поэзия", "Проза" және "Балаларға арналған шығарма" номинациясы бойынша өткізілді. Үміткерлер жасы 45-ке толмаған жиырмадан астам қаламгердің арасынан іріктелді. Осылайша Бақиев Азамат, Нұрлан Едігенов және Жанайдар Болатбекұлы бастаған жас дарындар жүлдеге лайық деп марапатталды.

АЗАМАТ САФИМАЛИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

AMANAT партиясының "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында Қадір Мырза Әлінің жастар арасында шығармашылығын насихаттау мәселесі бойынша үлкен конкурс жариялаған болатынбыз. AMANAT партиясы тек әлеуметтік немесе экономикалық мәселелерді шешу емес, оның ішінде мәдени мәселелерді қолға алып, ұлттық мұраны насихаттау мәселесі бағытында үлкен жұмыстар атқарып жатыр.