Ақтөбеде «Шеберлер шеруі» мега-фестивалі өтуде

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2025

Қазақтың қолөнері-өшпес мұра.  Ақтөбеде шеберлер шеруі өтіп жатыр. Мега фестваль 200 -ге жуық қолөнершінің басын қосты. Облыстың түкпір-түкпірінен   қолынан бал тамған шеберлер келген.  Шара «Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында, облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

«Өнер» орталығында ине шаншар жер жоқ. Жасы да, кәрісі де осында. Барлығының мүддесі бір-қазақтың төл өнерін дәріптеу. Қолөнердің сан алуан саласы қамтылған. Киіз басу, терме теру, ши өру, құрақ құрау. Қолөнершілер үшін бұл хобби ғана емес, табыс көзі де.

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДАҚЫЗЫ, «АЛТЫН ОРДА» СӘН ҮЙІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Еңбек адамының жаңағы еңбегін дәріптеу,еңбек адамының тұлғасын дәріптеу.Үйде отырған аналар, зағип жандар, шектеулі балалары бар аналар. Сол кісілерді өзінің шаңырағының басында жанұясымен бірге осы қолөнерімізді төл өнерімізді дамытып, нәпақасын тапса екен дейміз.

Киіз басу- қазақтың төл өнері. Қазір де қолданыстан шыққан емес.  «Заман өзгеріп, оның жаңа формасы енді» деген Нұрбикеш Бақтығалиқызы тігінші тоқу мен киіз басу да жат еместігін айтады.

НҰРБИКЕШ БАҚТЫҒАЛИҚЫЗЫ, ТІГІНШІ:

Енді бала кезімізде киіз басты анамыз, алаша тоқыды.Оның бәрін көрдік енді. Қазір енді қайтадан басталып жатыр.Өте жақсы, жаңғырып жатырған сияқты. Бұл тек қана хобби емес әрине.Бұл табыс табуға да өте ыңғайлы.

Қолөнерді заманға сай түрлендіріп, жаңғыртып жүргендер де аз емес. «Шеберлер шеруі»- соның дәлелі. Қатысушылардың дені- нәзік жандылар. Ұлттық өнерді ұрпаққа танытып, насихаттауға бағытталған шара жалғасын таппақ. Фестиваль аясында шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қатысушыларға сертификаттар табысталмақ. Үздік жұмыстар сатылымға шығарылады.