Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Соңғы  ресми ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар саны 2217 адамға жетті, тағы шамамен 4 мың тұрғын жарақат алған. Ең көп шығын Кунар провинциясында және шығыстағы ірі қала тіркелді. 
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда толассыз жауын-шашын іздестіруді қиындатып, құрбандар санының арту қаупін тудырып отыр. Дүмпулер көршілес Пәкістанның шекаралас аймақтарында да сезілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) зардап шеккендерге жәрдем көрсету үшін 4 млн доллар көлемінде көмекке шақырды. БҰҰ дерегінше, апат салдарынан 500 мыңнан астам адам зардап шеккен. Ауған билігі де халықаралық қауымдастықтан қолдау күтуде.