Полиглот-теңізші: Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің офицері бес тілді меңгерген

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі кемелер дивизионында ерекше офицер қызмет етеді — капитан-лейтенант Мұғатдин Мамедов. Шымкент қаласының тумасы қазақ, орыс, түрік, әзербайжан және ағылшын тілдерін еркін меңгерген,-деп хабарлайды Astana TV.

Әскери қызметті бала кезінен армандаған ол офицерлік білімді Санкт-Петербург қаласындағы Әскери-теңіз политехникалық институтында алды. 2021 жылдан бастап Мұғатдин Мамедов Ақтауда қызмет етуде. Оның тілдік қабілеттері жеке құрамның ұлтаралық қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға да септігін тигізуде.

Офицердің айтуынша, тілдерді білу жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, қызметті тиімді етіп, халықтар арасындағы өзара түсіністікті арттырады