Бүгін ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы медициналық авиация бригадасымен бірлесіп, Көкшетау–Есіл–Көкшетау бағытында шұғыл рейс орындады.
2016 жылғы науқасқа шұғыл арнайы медициналық көмек қажет болғандықтан, ұшу жедел түрде ұйымдастырылды.
Ұшқыштардың кәсібилігінің және дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтіп, науқас әрі қарай ем алу үшін медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.