Әлем чемпионаты: Қазақстан футбол құрамасы Бельгияға қарсы құрамын жариялады

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынында Бельгияға қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Кездесу Қазақстан уақытымен 23:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші міндеті румыниялық Раду Петрескуге жүктелген. Оған отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Андрей Кивулете.

Бельгия: Тибо Куртуа (Қ) - Максим де Кейпер, Артюр Теате, Зено Дебаст, Тимоти Кастань - Юри Тилеманс (К), Николас Раскин, Кевин де Брeйне -Жереми Докю, Леандро Троссар, Шарль де Кетеларе;

Қосалқы құрам: Маартен Вандевоордт (Қ), Матц Селс (Қ) - Брэндон Мехеле, Кони де Винтер, Диегу Морейра, Тома Менье - Ханс Ванакен, Малик Фофана, Шарль Ванхаутте, Алексис Салемакерс - Лоис Опенда, Миши Бачуайи;

Бас бапкер: Руди Гарсия

Қазақстан: Мұхаммеджан Сейсен (Қ) - Ян Вороговский, Ұлар Жақсыбаев, Әлібек Касым, Нұралы Әліп (К), Сұлтанбек Астанов​ - Рамазан Оразов, Серікжан Мужиков, Ғалымжан Кенжебек - Максим Самородов, Оралхан Өміртаев;

Қосалқы құрам: Темірлан Анарбеков (Қ), Бекхан Шайзада (Қ) - Алмас Төлебай, Наурызбек Жагоров, Бағдат Қайыров - Дәурен Жұмат, Дінмұхамед Қараман, Дамир Қасаболат, Ислам Чесноков, Муроджон Халматов - Дастан Сәтпаев.

Екі құрама қазірге дейін алты мәрте кездесті. Оның екеуінде тең нәтиже тіркелсе, қалғанында қазақстандық футболшылар қарсыласына есе жіберді.

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 4 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 10 ұпаймен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы Солтүстік Македонияның 8, Бельгияның 7, Қазақстанның 3 ұпайы бар. Әзірге Лихтенштейннің қоржыны бос.