Құрылыс саласында былтыр 500-ге жуық заңбұзушылық анықталды

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2025

Жыл соңына дейін жаңа құрылыс Кодексі қабылдануы мүмкін. Соңғы уақытта қарқынды дамып жатқан тұрғын-үй құрылысы саласы Жолдауда маңызды басымдықтардың бірі болды. Президент депутаттарға бұл жұмыстарға қазірден кірісуді тапсырды.

АЙЖАН ИМАНҒАЛИ, ТІЛШІ:

Құрылыстың барлық кезеңін толыққанды есепке алу үшін ұлттық цифрлық платформа іске қосылмақ. Демек, құрылысты жоспарлау, монтиоринг жүргізу - енді ашық түрде өтетін болады. Ал, депутаттар құжат күшіне енсе, құрылыспен айналысатын кейбір ірі компаниялар үшін қиын кезең басталатынын айтады.

БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл заң кейбір компанияларға ұнамауы мүмкін. Бірақ біз барлығын реттейміз. Енді тау бөктеріндегі, су тасқыны қаупі бар аумақтардағы құрылыстарға жол берілмейді. 

ЕРМҰРАТ БАПИ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жалпы, қазір өте тартысты жағдайда талқылау жүріп жатыр. Мен ойлаймын, жылдың аяғында қабылдануы да қиын. Өйткені әлі талқыланатын блок бар. Бұл Кодекс мен ойлаймын, асығыстықты талап етпейді.

АЙЖАН ИМАНҒАЛИ, ТІЛШІ:

Былтыр Қазақстанда 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға беріліпті. Бірақ заңды бұзған 500-ге жуық жағдай тіркелді. Ал, осы саланың қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін Кодексті жыл соңына дейін қабылдау межесі тұр.