Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/8 финалында жеңіске жетті.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Ол 1/8 финалда үндістандық Сачинмен кездесті.
Бейбарыс гонг үні естіле салысымен қарсыласын тығырыққа тіреді. Екінші раундта да отандасымыз басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.