Қарағандыда полиция төбеде қауіпті ойын ұйымдастырған жасөспірімді іздестіруде

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде белгісіз жасөспірімнің кірпіштерді қалап қойғанын бейнелейтін видео анықтады. Мұндай әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Аталған дерек бойынша құқықбұзушының жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде. Ол белгілі болғаннан кейін, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті дәрежеде көңіл бөлмегені үшін заңда көзделген жауапкершілікке тартылады.

Қарағанды облысының полиция департаменті  айналаға қауіп төндіретін кез келген әрекет қатаң шаралар арқылы тоқтатылатынын ескертеді. Ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысын мұқият қадағалап, мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін қатаң түрде еске салады.