Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бағаның тұрақсыз болуы инфляция деңгейіне әсерін тигізетінін атап өтті. Тамыз айында ол 12,2%-ды құрады.
«Біз оны жыл соңына дейін 11%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру мүмкіндігін көріп отырмыз.
Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық Банкпен, әкімдіктермен, Ауыл шаруашылығы, Сауда, Өнеркәсіп, Энергетика министрліктерімен, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірге Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.