Солтүстік Қазақстан облысында А-21 «Мамлютка – Қостанай» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар А-21 «Мамлютка – Қостанай» автомобиль жолының бірқатар учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөндеу жұмыстары Мамлют және Жамбыл аудандары аумағында, Мамлютка қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралықта, атап айтқанда 4-14, 64-70, 104-109, 117-123, 131-132, 143-180 шақырымдарда жүргізіліп жатыр. Жөндеуден өтіп жатқан учаскелердің жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайды.

Бүгінгі күні келесідей жұмыстар орындалды:
- 43 шақырымда суық ресайклинг әдісімен жол жамылғысының негізін орнату;
- 37 шақырымда ірі түйіршікті ыстық асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат төселді.


Жобаның іске асырылуы жолдың пайдалану мерзімін ұзартуға, көлік қатынасының дамуына және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады