Алматы әуежайына кіріп-шығу ішінара шектеледі

Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап өртке қарсы су құбырын ауыстыруға байланысты "Ақсұңқар" қонақүйі алдындағы әуежай аумағына кіру және шығу уақытша шектеледі, деп хабарлайды Astana TV.

Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілмек:

  • I кезең: 10-13 қыркүйек аралығында бір кіреберіс пен бір шығаберіс жолы жабылады, ал екінші кіреберіс жолы ашық болады.

  • II кезең: 14-18 қыркүйек аралығында бір кіреберіс жолы жабылады, басқа кіреберіс пен шығаберіс жолдары істейтін болады.

Алматы әуежайының әкімшілігі жолаушыларға әуежайға баратын бағытты жоспарлауда осы өзгерістерді ескеруге шақырады.