Алматы қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракциясы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

Алматы қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракция отырысында Президент  Жолдауы жан-жақты сараланды. Депутаттар жаһандық бәсекелестіктің жаңа кезеңінде цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект мүмкіндіктері мемлекет дамуы үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті.  Денсаулық сақтау, көлік-логистика, аграрлық сектор мен цифрландыру салаларындағы басымдықтарға тоқталды. Әсіресе жасанды интеллект енгізу арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, транзиттік әлеуетті күшейту және жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері маңызды.

НҰРЫМБЕК ТАУ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаһандану заманында, технологияның дамып жатқан заманында кез келген салаға жасанды интеллект кіргізуіміз керек. Президентіміз айтқан жасанды интелектті пайдалану арқылы біздің аумағымыздан Еуропадан Қытай еліне Қытайдан Еуропа елдеріне жүк тасымалдауды қазіргіден көп есеге көтеретін мүмкіндігіміз бар.