Президенттің әрбір Жолдауы ел дамуының нақты бағытын айқындап, халықтың болашаққа деген сенімін нығайтады. Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінде өткен кеңесте Жолдауды жүзеге асыру тетіктері талқыланды.
Президенттің алға қойған міндеттері еліміздің жаңа дәуірдегі дамуының берік іргетасы. Бұл мақсаттарға жету үшін әрбіріміз табандылықпен еңбек етіп, елдің игілігіне үлес қосуымыз қажет, – деді қала әкімі.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
Цифрландыру басқармасына «Smart Shymkent» жол картасы шеңберінде пилоттық шешімдерді іске қосуды , жалпы цифрландыру бағытында жүзеге асырылатын жобалар санын кемінде жиырмаға жеткізуді сондай-ақ тұрғындардың цифрлық сауаттылығын, оның ішінде жасанды интеллект негіздерін түсіндіру жұмыстарын арттыруды тапсырамын.
Жолдауда экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері айқын көрсетілді. Айрықша тоқталатын дүние- жасанды интеллект және цифрландыру мәселесі.
Бұдан бөлек әуе тасымалы да негізгі назарда. Мегаполисте жолаушылар ағыны -20 процентке, ал жүк айналымы -38 процентке өскен.
РОЛАН ИБРАГИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Енді екінші ұшып-қону жолағы құрылысы біткеннен кейін бұл әрі қарайда бізде Шымкент қаласында мультимодальды хаб ретінде дамуына оң әсерін тигізеді. Қосымша «SCAT» компаниясы ол жерде ангарлар соғу жоспарланған. Ол ангерлар бізде келген жүктерді обработкаға жылдамдықты күшейтеді және сақтау қоймалары болады.
Қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері жолдауда айтылған маңызды мәселелерге тоқталып, өз ойларымен бөлісті. Басым бағыттарды іске асыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.
БІРЖАН БАЙТУОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:
Халықтың қаржылық сауатын арттыру жолында мемлекет осы жұмысты мемлекет басшысы бастама болып қолға алып жатыр. Енді осыны елдің арасында, халықтың арасында көптеген түсіндіру жұмыстары жүргізілсе бұл құба-құп болар еді.
Қала экономикасын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Әкім инвестиция көлемін арттыруда, көлік-логистика саласын, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау жүйелерін дамытуда да тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.