Биыл «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы аясында алты мыңнан астам азамат өз баспанасына қол жеткізді. Тағы 2 694 адам Отбасы банкінен несиелік мақұлдау алып, қазір пәтер іздеп жүр. Жаңа қоныс иелерінің 13 проценті әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Бағдарлама аясында ауыл тұрғындары мен жұмысшы мамандық иелеріне де басымдық берілген.
НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, "ОТБАСЫ БАНК" АҚ БАС МАМАНЫ:
Биылдың өзінде 600 ге жуық Қазақстандық үйді ауылды жерлерден алды. Ауылдықтардың марқайып жатқаны бізді де қуантады. Жұмысшы мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген 2 мыңға жуық жұмысшы мамандық қызметкерлері "Наурыз" бағдарламасы арқылы баспаналы болды.