«Цифрландыру жастармен тығыз байланысты», - тұрғын

Жолдаудың өскелең ұрпаққа берері көп. Жас буын өкілдері осылай дейді. Әсіресе, Мемлекет басшысының Қазақстанды цифрлық елге айналдыру туралы бастамасын ерекше қолдап отыр. Жұмысшы мамандықтар жылы еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға жастарды көбірек тартуға мүмкіндік туғанын да атап өтті.

БЛИЦ:

- Цифрландыру  жастармен тығыз байланысты деп ойлаймын. Себебі, жасанды интеллект, ChatGPT барлықтары жастардың қолында.

- Жасанды интеллектіге сеніп қалмай жауапкершілікті де сезінуіміз керек. Қауіпсіздік те бірінші орында тұру қажет деп ойлаймыз.

- Қазір ауыл шаруашылығына деген көңіл жақсы бөлініп жатыр. Жастар механизатор, ветеринар мамандықтарына барып жатыр. Ол өте керемет жағдай деп білемін өз басым.

- Бұл дегеніміз жастардың болашағына үлкен сенім дегенді білдіреді. Әрине, Президентіміздің жастарға деген сенімі мен қолдауы үлкен мотивация деп білеміз.