Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауқымды түрде жалғасуда

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауылындағы №50 Абай атындағы орта мектеп оқушылары жастайынан бағбандықтың қыр-сырын меңгеруде. Олар кішкентай өскіндерді баптап, көбейтіп, ғимарат іші мен ауласын жасыл желекке айналдыруда.  Бұл балаларды еңбекке баулып қана қоймай, экомәдениеттің қалыптасуына сеп болады дейді ұстаздар. Жас зерттеушілер одан өзге, зертханада өсімдіктерден пайдалы тұнбалар, табиғи өнімдер жасайды. «Жасыл мектеп» бағытында ізденісті қолға алған білім ордасында «Жасыл клуб» құрылған. Бұл -«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыс.

АЙГҮЛ БОЛАТБЕКОВА, №50 АБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Таза, жасыл өнімдерді дамыту арқылы жасыл экономиканың қадамдарына басатын жас ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз деп есептейміз. Ауқымы бір бағытта тазалық немесе көркейту оның арғы жағында экомәдениет, эко білім және технологиялдандыру бағытындағы жасыл экономикаға қадам басады деген ойдамыз.