Елде доллар бағасы қанша?

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 538,2 теңгені құрап, 1,46 теңгеге өсті, деп хабарлайды Astana TV.

Ұлттық банктің 10 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 536,76 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 538,02 теңгені, сату – 539,85 теңгені құрайды. Астанадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 537 теңгеден сатып алып, 542 теңгеден сатуда.