Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп оқушылары уланды. Қорғану үшін қолданатын газ баллоны жарылған.

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2017
  • 2772

Кеше кешке қарай Алматыдағы Мамыр-1 шағын ауданында орналасқан 173-орта мектептен  газдан улану симптомдарымен 38 бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер нақ сонша баланың түскенін, кейін 9 баланың жағдайы жақсы болғасын бірден үйлеріне қайтарғандарын, бірақ бір баланы реанимиция бөліміне, қалғандарын  кәдімгі бөлімге жатқызғандарын айтты. Олардың тамағы қышып, жөтелген, бастары айналып, жүрегі айныған. 

Дінмұхамед Рузуддинов, Алматы қ. «Балаларға жедел медциналық көмек көрсету орталығы» бас дәрігерінің орынбасары:

Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Жансақтау бөліміндегі бала бөлімшеге ауыстырылды. Қалған балаларды үйлеріне қайтарып жатырмыз.

Ал мектептің басшылығы әуелі түсініктеме беруден қашқақтады. Сосын барып айтқандары:

Гүлзира Байғазиева, Алматы қ. 173- мектеп-лицейі директорының оқу ісі бойынша орынбасары:

4 жарым мен 5-тің кезінде болы, үлкен үзілістің кезінде. Оқушылар ойнап жүріп жаңағыдай жағдай болды. Біз дер кезінде жедел жәрдем шақырдық, қауіпсіз жерге апардық. Дәрігердің қарауында, бүгін және кеше түнгі 11-ге дейін қастарында болдық. Жалпы балалардың жағдайы жақсы.

Яғни мектепке оқушы қорғану үшін қолданатын газ баллонын алып барған. Ол жарылған...