Шығыс Қазақстан облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегі анықталды. Тексеру нәтижесінде 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны құрықталды,-деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнынан қымбат металдарды өндіруге арналған техника мен құралдар -экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және өзге де жабдықтар тәркіленді. Сондай-ақ құрамында алтын мен бағалы компоненттер бар металл бұйымдары анықталды.
Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында заңсыз өндіріске қатысы болуы мүмкін 20-дан астам адамның әрекеттері тексерілуде.