Астанада былтыр 16 «Келешек мектебі» ашылса, биыл жаңа оқу жылында тағы 7 білім ордасы пайдалануға берілді. Қазір елордада барлығы 23 «Келешек мектебі» табысты жұмыс істеп тұр,-деп хабарлайды Astana TV.
Ұлттық жоба аясында республика бойынша 217 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 128-і іске қосылды.